Су бетіндегі үй секторы
Бұл сектор нағыз балықшылар идилиясының атмосферасын елестететін, су бетіндегі қалқымалы арал тәрізді. Көлдің қақ ортасында орналасқан, ағаш үстел мен орындықтары бар жайлы беседка — демалуға әрі әңгімелесуге тартатын тамаша орын. Жақын жерде мангал жабдықталған, онда сіз жаңадан ұстаған олжаңызды дайындай аласыз. Сектордағы қонақтарға ыңғайлы болу үшін био-дәретхана орнатылған. Оңаша үйлерге демалушылар моторлы қайықпен жеткізіледі. Мұнда жаныңды жайландыратын тыныштық орнаған. Ол тыныштықты су мен қамыстың сыбдыры, желдің самалы ғана бұзады.
Выберите дату заезда и выезда, чтобы посмотреть доступные варианты бронирования
